Тапшылық көрді

lat: Tapshylyq kórdi.

Кемістік көрді, жоқшылыққа ұшырады.

Алғашқы жүйелі оқуды рабфагынан алған, жастық шағымның ішінде өткізген Орынборға аңсап барсам, қанаушы тапты жою науқаны бізден бұрынырақ басталып, қалалық маңдағы науқанға қарсылық ретінде базарға азық-түлік түсірмей, ас-су жағынан Орынбор қатты тапшылық көріп тұр екен (С.Мұқанов.).

Факті жағынан тапшылық көріп калатын кезіміз болады (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).

Кәсіпорынның кейбір жабдықтардан, шикізаттардан тапшылық көрген уақыттары да болды («Соц. Қаз.»).